Атырау облысында Covid-19 індетінің 23 жаңа жағдайы тіркелді

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 792 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

23 науқас та - Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар. Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды, олар тиісті хаттамаларға сәйкес ем алады.

Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды. 2020 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Теңіз кенішіндегі 42 мердігер мекеменің қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының 712 жағдайы тіркелген.

92 вахталық аумақтың ішінде 22 індет ошағы анықталды. Ошақтарда ауқымды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, бүгінде карантиндік бақылауда 1725 адам жатыр.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика