Қан қысымына абай болыңыз

Жақында аудандық ардагерлер кеңсесінде салауатты өмір салтын насихаттау, инсульттің алдын алу, қан айналым жүйесі ауруларының алғашқы белгілері және уақытында алғашқы көмек көрсетудің маңыздылығы мақсатында «Инсульттің алдын алу» тақырыбында ашық есік күні өтті.

Ардагерлердің басы қосылған бұл күні аудандық орталықтандырылған аурухананың дәрігер-неврологі Айжан Ермекқалиева бастың қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы жайында ақпарат берді.

–Бастағы ми қан тамырларының зақымдануы және қан-тамыр жүйесінің түрлі ақаулары салдарынан адам инсультке шалдығады. Бұл ретте, тұрғындарға ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуі керегін еске саламыз. Яғни, ішімдік пен темекіден бас тарту, дене шынықтыруға баса мән беріп, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау қажет, – дейді.

Ал зейнеткер Шолпан Мұхамедиярова да инсульттің соңғы кезде көбейіп келетінін, сондықтан тұрғындар денсаулыққа кері әсер ететін жаман дағдылардан арылып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырса, зейнеткер, ақын, ауданның Құрметті азаматы Сансызбай Базарбаев уақыт бөліп көптеген мағлұмат берген дәрігерлерге ардагерлердің атынан ризашылығын білдірді. Шара кезінде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының аудандағы ембикесі Айымгүл Жәрдем ардагерлеріміздің қан қысымын өлшеп, көпшілікті ақпараттандыру мақсатында ақпараттық және оқу материалдарынан жадынамалар таратты.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT