Бізге ыстық газет!

Облыстық ардагерлер кеңесі «Дендер» газетінің 85 жылдық мерейтойымен құттықтайды.

Газет алғаш рет 1934 жылы «Социалистік мал шаруашылығы» деген атаумен жарық көріп, түрлі өзгерістерден кейін 1993 жылдан «Дендер» аталып оқырман көңілінен шығып отыр. Әрине, әр кезде бірнеше бас редакторлар болғаны белгілі. Олардың ішінен Ізни, Дошу, Мақажан, Ғилымғали, Төлеубай, Мүтәлі ағаларымызды жақсы білеміз. Кей бірімен қанаттас жұмыс та жасадық. Ал Ізтілеу Көпбаев ағамыздан үйренгеніміз бір төбе. Өзіне өзі қандай талап қоя білсе, редакция жұмысында әрбір қызметкеріне, көтерілген мәселелерге байланысты түрлі мекеме басшыларына да сондай талап қоя білді. Осы ауданда оншақты жыл аупартком екінші хатшысы ретінде еңбек еткен мен үшін «Дендер» газеті әрдайым ыстық, өйткені көптеген игілікті іс бастасақ та ең әуелі бізге көмекші газет болатын еді.

Мәселен, тұрғын халық өз елді мекендердегі саяси-әлеуметтік ахуал, әр малшы үйінің тұрмысы, электр жарығымен қамту, барлық қыстақтарда монша болу, Махамбет поэзиясы күндері, жергілікті ақындар айтысы түрлі кәсіби мереке күндерін мазмұнды өткізу, әр селода даңқы бөлмелерін жасақтау, т.б. мәселелерді де газет әрдайым іскерлік таныта білді. Редакторлардың кейінгі толқыны журналистер Ерсайыннан бастаған Кеңес, Сансызбай, Сүйеу, Базарғали, Мұрат, Қасқырбай, Себекбай т.б. көптеген қарымды қара еңбектің кемеңгерлері деуге болатын азаматтар бір-бір тұлғалар. Ақындар айтысын ұйымдастырып өткізудегі газет тындырған жұмыс арқасында партия-кеңес қызметкері Мұрат Қазиханов мұғалім Ибраим Жәкиев, кітапханашы Оңай Мырзағалиева, т.б. еліне ақын ретінде де таныла алды. Олардан кейінгі толқыннан өрліктік Әлия Даулетбаеваны айтсам жеткілікті болар.

Индер аудан әкімдігі 2016 жыл қорытындысымен «Дендер» газетінде жарияланған мақалалар топтамасы бойынша аудандық ардагерлер ұйымын белгіленген номенациялар бойынша туған өлкенің болашағын өркенді ету жолындағы игілікті ісі мен қоғамдағы тәрбиелік маңызға ие шараларды белсенді ұйымдастырғаны үшін «Үздік мемлекеттік емес ұйым- 2016» деп танып, дипломмен марапаттады. Бұл қоғамдық ұйымға берілген үлкен баға деуге болады және негізінен редакция жұмысының арқасы.

Қатимолла РИЗУАНОВ,

Атырау облысының, Индер ауданының «Құрметті азаматы»,

«Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері

Атырау қаласы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT