Жаңа оқу жылы мектепте бастала ма?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда жаңа оқу жылы туралы мәселелерді айтты.

«Күні кеше мемлекеттік комиссия отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым саласына қатысты маңызды тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмалар аясындағы жұмыстар басталды. Оқу жылы 25 мамырға дейін қашықтан оқу форматында болады. Білім бағдарламаларының мазмұнын өзгерту, цифрландыру мәселесі, қашықтан оқыту технологиясын жетілдіру және тағы да басқа берілген тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр жаңа оқу жылында эпидемиологиялық ахуал жақсарса, оқушылар дәстүрлі форматта мектепке барады деп үміттенетінін айтты.

«Жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында басталады деп үміттенеміз. Жаз айларында да министрлік білім басқармаларымен қоса жұмыстар жүргізетін болады. Қандай жағдай болса да төтеп беретіндей барлық жұмыстарды жүргізуіміз қажет. Мектепті балаларымыз да сағынды, ата-аналар да соны қалайды. Педагогтар де мектепте сабақ беруді асыға күтіп жүр. Біз, әрине, сондай жақсылыққа сеніп, дайын болуымыз керек. Келесі оқу жылын дәстүрлі түрде бастасақ деген жоспар бар. Дегенмен осындай жағдай қайталанбайтын сияқты болмау керек. Веб-технология, цифрландыру, қашықтан оқу мәселесін қолға алып, тиісті деңгейге жеткізуіміз керек», – деді министр.

aikyn.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика