Жаңа автобус берілді

С.Сейфуллин атындағы орта мектептің алғашқы қоңырау салтанатында Индербор кенті әкімінің орынбасары Ербол Қадыров құттықтай келе, аудан әкімінің қолдауымен балаларды тасымалдауға жаңа автобус автокөлігін тарту етті.

-Мектебіміз жаңа «Шығыс» мөлтек ауданымен бірге кенттің «Барлаушылар» бөлігі мен «Болашақ» мөлтек ауданының бірқатар оқушыларын қамтып отыр. Балалардың бірқатары  2,8-2,6 шақырым қашықтықтыққа дейін  қатынап оқуда. Бұған дейінгі қолданыста болған ескі автокөлік жиі істен шығып, әсіресе қыс мезгілінде қиындық көрдік. Әлсін әлі көмекке колледждің автобусын сұратып шығаруға тура келді.  Бұйырса жаңа оқу жылында оқушыларды жаңа автобуспен тасымалдап,  олардың алаңсыз білім алуларына жағдай жасалмақ,-деді мектеп директоры Райхангүл Қорғанбаеваны сөзге тартқанымызда.

Мектеп биыл  324 оқушы және шағын топ пен мектептің алғашқы дайындық сыныптарына 75 тәрбиеленушімен барлығы 399 оқушымен оқу жылын бастап отыр. Олардың ішінде қос 1 сыныпқа 35 оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттағандар. 

 

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика