Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Бүгінде білім беру мекемелері құрылысына басымдық берілуде. Мәселен, ауданда балабақша кезегінде тұрған 1-6 жас аралығында 540 бала бар. Кезектегі балалар санын азайту мақсатында Алға ауылынан 160 орындық жаңа балабақша ғимараты құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өтті» деп нақтылады спикер.