Соңғы қоңырауда атыраулық оқушылар Ж.Нәжімеденов жырларын оқиды

Атырау оқушылары соңғы қоңырауда биыл туғанына 85 жыл толатын дауылпаз ақын Жұмекен Нәжімеденовтің жырларын оқиды, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Бұдан бір ай бұрын елімізде көрнекті ақын, Қазақстан әнұраны авторларының бірі – Жұмекен Нәжімеденовтің 85 жылдығына орай #Jumeken85 өлең эстафетасы басталған болатын. Жыр сәлемдемесін өткізу — «Атырау» телеарнасының бастамасы.

Басты мақсат — тұңғиық жырдың тұнығы атанған мерейгер ақынның шығармашылығын дәріптеу арқылы жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Атырауда басталған жыр шашуды Қазақстанның әр қиырындағы мектеп оқушылары іліп әкетіп, ары қарай көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орны басшылары мен зиялы қауым да жалғады.

Әлеуметтік желіде қызу қолдау тапқан мәдени-көпшілік іс-шараға қатысқандар арасында өнер зерттеушісі Илья Жақанов, композитор Төлеген Мұхамеджанов, Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын Светқали Нұржан, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да бар.

Жалпыхалықтық сипат алған өлең эстафетасының қорытындысы ретінде Атырау облысындағы барлық мектеп оқушылары Жұмекен ақынның жырларын соңғы қоңырауда онлайн оқиды.

«Волонтер жылы аясында бұл іс-шараны мектеп оқушылары ерікті түрде өткізеді. Облыстық білім басқармасы өлең оқуды ұсыныс ретінде берді. Оқушылар мен ата-ана қолдайды деп сенеміз», — дейді идея авторы, белгілі тележурналист, «Атырау» телеарнасының директоры Әуесбайдың Қанаты.

Art.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика