Сіңірген еңбек белгісі

Оқушылар шығармашылық орталығының мұғалімі Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы "Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Аталмыш кәсіподақтың төрағасы А.Мұқашеваның қолы қойылған марапатты жақында Атырау облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы салтанатты түрде табыс етті.

Нәсіпқали Зинелғабиденұлы Ақтөбе индустриалды-педагогикалық техникумын, кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Ұзақ жылдардан бері өндірістік оқу мектебінде «Авто ісі» мамандығы пәні мұғалімі, кейін құрылған оқушылар шығармашылық орталығының «Шебер» үйірмесінде қосымша білім беру педагогі қызметін абыройлы атқарып келеді. Шәкірттері түрлі деңгейдегі жарыстарда жетістіктерімен қуантып жүр.

- Оқушылар  шығармашылық орталығының бастауыш кәсіподағының төрағасы ретінде білім ордасындағы ұстаздар тарапынан түскен өтініш-талаптарды мүмкіндігінше заң аясында орындауға, түйткілді мәселелер орын алса, шешуге бірқатар жылдан бері бар күш-жігерімді салып келемін. Осы орайда еңбегімді ескеріп, марапаттап жатқан басшылыққа мың да бір рахметімді айтамын, - дейді Нәсіпқали Зинелғабиденұлы сөзге тартқанымызда.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT