МҰҒАЛІМДЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Әрине біліктілікті арттыру басты міндет. Ауданның білім беру ұйымдарында 942 педагог жұмыс істейтін болса, олардың 844-і жоғары, 98-сі арнаулы орта білімді мамандар.

Педагог кадрлердің аттестаттау қорытындысы бойынша 91 жоғары санатты, 166 бірінші санатты, 224 екінші санатты мұғалімдер болса, санатсыз 225 мұғалім бар. Аудан бойынша жаңа форматта аттестаттаудан өткен мұғалімдерінің сапасы өзге мектептермен салыстырғанда жоғары болғанымен, аталған мектептердегі білім сапасының ауданның білім сапасынан төмен болуы ойлантарлық жағдай. Сондай-ақ жыл ішінде мұғалімдердің түрлі бағыттағы біліктілік арттыру курстарынан өтуіне жергілікті бюджет есебінен 34 434,0 мың қаражат бөлініп, 187 мұғалім біліктілігін арттырыпты.

«Дендер»-Ақпарат

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT