Колледжге 95 студент қабылданды

Бұл туралы Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде өткен алғашқы қоңырау салтанатты шарасында мекеме директоры Бағытжан Құнас айтты.

-2020-2021 оқу жылында жалпы 181 студент білім алды. Оның ішінде 10 оқу озаты, 117 оқу екпіндісі болып, білім сапасы 70% құрады. Осы оқу жылында өздері таңдаған мамандықтарын аяқтап, 76 түлек диплом алды. Бітіруші түлектердің ішінде 4 студент «Қызыл диплом» иегері атанды. 2020-2021 оқу жылында 15 студентке дейін топтарда толымдылықпен штаттық режимде шеберханада өтетін ЛПС және өндірістік оқыту сабақтарының кестесі жасақталып, ЛПС-мен өндірістік оқыту сабақтары нормативке сәйкес ұйымдастырылып жүргізілді және сақтық шаралары сақталды. Жоспар бойынша ІІІ курс және 10 айлық топ студенттері кәсіпорындардың сұраныстарына сай өндірістік тәжірибеге жіберілді. Оқу жылы барысында «Алғабас-Жорық» каналының тұсындағы оқу орнының арнайы базасында «Үздік жер жыртушы-2021» сайысы ұйымдастырылып, Диас Жолдасов 1 орынды иеленді,-деді хабарламашы өз сөзінде.

Оның сөзінен ұққанымыздай, мамыр айында өткен «World Skills Atyrau-2021» өнірлік чемпионатына 4 құзыреттілік бойынша 6 студент қатысып жақсы нәтижелер қөрсетіпті. «Робототехника» құзыреттілігі бойынша өз білімдері мен қабілеттерін жоғары дәрежеде көрсете білген 3 курс студенттері Сарсен Сұлтанбек және Рамазанов Арман 2 орынды иеленген. «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша қатысқан Досымбек Қалимжанов шебер медальонының иегері атаныпты. Эксперт компатриот жетекшілер сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталыпты. «Жас маман» жобасы бойынша материалдық базаны жабдықтау мақсатында үш мамандық бойынша құралжабдықтар мен техникалар алынғаны да айтылды. Жалпы колледждің тәрбие жұмысының мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық, рухани имандылық, отбасылық тәрбие беру, ұлттық сананы бойына сіңірген, өз бетімен шешім қабылдай алатын, дамуға, жетілуге қабілетті, өзіндік сыни көзқарасы бар тұлға қалыптастыру. Жаңа оқу жылында барлығы бес мамандық бойынша 95 студент қабылданған. Алғашқы сабақ ел егемендігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбындағы тәрбие сағатымен басталды. Айта кетейік, студенттер үшін жатақхана да қарастырылған.

К.СҰҢҚАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521