Кәсіби бағдар – болашақ негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім саласын дамытуға айрықша назар аударды.

«Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Бұған дейінде білім беру саласына ерекше қамқорлық жасалып келген. Бұл салаға қажетті заманауи технология қазір біздің әрбір мектебімізде жас ұрпаққа қызмет көрсетуде. Бұл жас өрендердің жан-жақты дамуына оң әсер тигізетіні белгілі. Осындай қамқорлық алдағы уақытта да жалғасын табатыны қуантады.

Осыған сәйкес, Оқушылар шығармашылық орталығында Индербордағы мектептерден 18 үйірмеге 700-ге тарта оқушы ғылыми-техникалық, эстетикалық-көркемдік, экология- биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, экономикалық-кәсіпкерлік, математикалық, тілдік бағыттар бойынша үйірмелерге тартылып, тұлғаның жан- жақты дамуына, оның шығармашылық қабілеттерін ашуға, алдын ала кәсіби бағдарлануына бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Орталықтың материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығайып «Робототехника», «IT-кабинеті» және басқа да техникалық бағытта жабдықталған кабинеттер оқушы игілігіне пайдаланылуда. Өз кезегінде, аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін орталық ұжым қажырлы еңбекпен жауап береді демекпін.

Есенғали ҚҰЛШЫҒАЕВ,

оқушылар шығармашылық орталығының директоры

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика