Қайтсек кітап оқимыз?

сурет primeminister.kz алынды

 

Қазіргі заманда цифрлық технологияның қарқынды дамуы жастардың күнделікті өмір салтына үлкен әсерін тигізіп отыр. Смартфон, планшет, әлеуметтік желілер мен бейнежазбалар — мұның бәрі кітаптың орнын басқандай әсер қалдырады. Осы орайда, «Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы төмендеп бара жатыр ма?» деген сұрақ күн тәртібінен түспей отыр.

Бүгінде көпшілік жас интернетті ақпарат көзі ретінде пайдаланады. Кітапханаларға бару сиреп, электронды нұсқадағы мәтіндерді ғана шолып шығумен шектелетіндер саны артып келеді. Әлеуметтік желілердегі қысқа жазбалар мен бейнематериалдар кітап оқуға деген төзімділікті де әлсіретіп жатқанын байқаймыз. Бұл — ойлау қабілетінің таяздануына, сөздік қорының азаюына және шығармашылық мүмкіндіктердің шектелуіне әкелуі мүмкін.

Дегенмен, жағдай мүлде үмітсіз де емес. Қазіргі таңда кітап оқуға арналған челлендждер, буккроссинг қозғалысы, жас жазушылардың шығармаларын насихаттау сияқты бастамалар жастар арасында танымал бола бастады. Кейбір мектептер мен ЖОО-ларда оқу клубтары құрылып, оқырман мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылуда.

Сондықтан кітап оқу мәдениетін дамыту — тек жастардың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Ата-ана, ұстаз, мемлекет және БАҚ бірігіп жұмыс істесе, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын қайта жаңғыртуға болады.

Қорытындылай келе, жастардың кітапқа қызығушылығы бәсеңдегенімен, оны қайта ояту өз қолымызда. Ең бастысы — оларға үлгі болу, дұрыс бағыт көрсету және кітаптың адам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Айым Борисова,

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT