Қайырбек педагогикалық идеялар фестивалінің жеңімпазы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізді.

Фестивальдің мақсаты - педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Бес бағытта ұйымдастырылған фестивальда еліміздің барлық аймақтарынан 250 педагог қатысты. 
Аталмыш конкурсқа ауданымыздан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжәлиев Қайырбек қатысып, жүлделі I орынға ие болды.

-Жалпы аталған байқауға менің секциям бойынша әр облыстан келген 28 қатынасушы болды. Осы конкурс арқылы әріптестерімнің тәжірибесімен танысып, өзіме көптеген идеялар алдым деуге болады. Менің педагогикалық идеям ол оқушының функционалды сауатты болуға оның ішінде оқу сауаттылығына баса назар аудардым.
 Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында YouTube желісіне сабақтар салынып, арнайы сайт жасақталған болатын. Жобаны қорғаған сәтте, фестиваль қатысушылары аталмыш жобаның бейненсабақтарының белсенді қолданушысы екені анықталды. 
Айта кету керек аталмыш жобаны 2018 жылдан бастап келе жатырмын, осы тұста мектеп директоры А.Қалымқызы бастаған Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп ұжымына ерекше алғысымды білдіргім келеді, өйткені әрдайым қолдап, өз ұсыныстары мен кері байланыс айтып, қолдап отырады,- дейді конкурс қатысушысы.

Т.ҚИБАТОЛЛА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521