Есімі жинаққа енді

Жақында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатындағы «Білім және ғылым - 2020» атты республикалық байқау қорытындыланды.

Қазақстан Республикасы «Bilim Orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауға М.Әуезов атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Жанат Қабиденова қатысып, «Менің еңбек жолым, жеткен жетістіктерім» тақырыбында эссе жазып, I дәрежелі дипломмен марапатталып, еңбегі арнайы жинаққа енді.

-Байқауға әрбір қатысушы – ережеге сәйкес өмірбаяннан бастап, қызметтегі жетістіктерін дәлелдейтін сертификаттар, сабақ барысының өтілуі туралы медиафайлдар жіберуі тиіс болды. Мен де осындай мәліметтерді жіберіп, жүлдегер атандым,-дейді ұстаз.

Айталық, Жанат Қисметқызы 1998 жылы Атырау университетінің «Жаратылыстану» факультетінің «Биология пәнінің мұғалімі» мамандығын алып, М.Әуезов атындағы орта мектептен алғаш еңбек жолын бастаған. Содан 23 жыл бойы үнемі ізденісте жүретін үлгілі ұстаз түрлі біліктілік арттыру курстарынан өтіп, жетістіктерге жетсе, оқушылары да биік белестерді бағындырып келеді.

Мәселен, биылғы оқу жылында аудандық пәндік олимпиададан Саят Қанат III, Айым Қалдан II орын иеленсе, Нұрай Қуаныш «Зерде» ғылыми жобалар байқауынан арнайы Грамотамен марапатталды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, бар ғұмырын, бар біліктілігін балалардың саналы да сапалы білім алуына жұмсаған ұстаздың бағындырар белесі, асар асуы әлі алда деп сенеміз.

Д.АЙБАР

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика