Еліміздің шағын қалалары мен ауылдарындағы тағы 1000 мектеп жаңа оқу жылында жаңғыртудан өтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда мектептерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жыл сайын кемінде 1000 мектеп жеті бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді.

Жаңғыртудың басты мақсаты – қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасы алшақтығын азайту, балалардың білім алып, тәрбиеленуі үшін қолайлы және жайлы жағдай жасау, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайту. Бұл жұмыстар аясында күрделі және ағымдағы жөндеу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жақсарту, қауіпсіздік жағдайларын күшейту қарастырылған.

Осылайша, 2025-2026 оқу жылында робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндері бойынша заманауи 1000-ға жуық кабинет сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, 509 мектептің кітапханасы, 375 мектептің асханасы жаңғыртылып, 598 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 409 мектептің жиһазы жаңартылады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 369 мыңға жуық оқушының оқу жағдайын жақсарту көзделіп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT