ЭЛЕКТРОНДЫ ЖУРНАЛДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Жылма-жыл ұстаздар қатары жас мамандармен толықтырылып келеді. Мәселен, биыл 8 жас маман өз еңбек жолдарын бастаса, әлі 15 мұғалім жетіспейді.

Бұл жөнінде аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндет атқарушы Орынша Ділмұқашева аталған бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда екендігін айтады. Сондай-ақ бөлім басшысы жаңартылған бағдарламаның талабына сәйкес, соңғы 3 жылда оқушы білімін бағалау электронды журнал арқылы жүзеге асырылып келетіндігін де қаперге берді. -Бұл журналдың кәдімгі журналдан артықшылықтары бар. Біріншіден, мұғалімдер үшін уақытты үнемдеуге және қағазбастылықтан арылуға көп септігін тигізеді. Екіншіден, оқушы электронды журналдың сайтынан өзінің пән бойынша бағаларын ғана емес, үй жұмысын, мұғалімдердің не оқушылардың пікірлерін көріп, оқи алады. Үшіншіден, тоқсандық, жылдық бағаны, оқушылардың білім деңгейін электронды журнал формула бойынша өзі шығарып береді. Бұл өз кезегінде оқушылардың әділ бағалануына әкеледі.

Десек те, осы жерде бір қосымша айта кету керек нәрсе, аудан мектептері толығымен 100% интернет желісіне қосылғанымен, жылдамдықтың төмендігі электронды журнал мен мектептердегі күнделік жүргізуге өзіндік қиындық тудырып отыр. Электронды күнделіктің негізгі күші - қуатты интернет желісі және гаджет немесе компьютер. Сондықтан бұл кедергіден интернет желісін оптика желісіне ауыстыру арқылы шыға алатындығымызды атап өткім келеді. Қазіргі таңда ауданда Ш.Уәлиханов, Аққала, Гребенщик, Б.Нысанбаев және «Көктем» қазақ орта мектептері оптика желісіне қосылған. Ал ауданның қалған 10 мектебін талшықты желіге ауыстырса, мектепте қолданыстағы қағаз журналды пайдалануды тоқтатып, мұғалімдер қағазбастылықтан арылар еді,-дейді.

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT