Білім және ғылым министрлігі: 19 маусымға дейін қосымша сабақтар болады

«Дәстүр бойынша биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бірақ содан соң маусымның 19-ына дейін сабақ болады. Осыны мұғалімдерге түсіндіру керек». Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді.

Жазғы мектептің ұйымдастырылуы жөнінде мектеп директорының бұйрығы дайындалады. Оқу жылының соңына дейін екі апта қалғанда жазғы мектептің жоспары бекітіледі. Бұл жоспармен ата-аналар таныстырылады. Сонымен қатар оқушылардың, сынып комплектілерінің саны, оқу пәндері бекітіледі. Себебі, үлгерімі төмен балалар қиындық көріп, білімдерін одан сайын төмендетіп алуы мүмкін.

Министр әріптестеріне түсіндіру жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Ал, мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына дер кезінде шығады.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Ең алдымен үлгерімі төмен балалармен жұмыс істеу керек. Бұл мәселе де назарда тұрғаны дұрыс. Себебі, үлгерімі жақсы балалар пандемия кезінде де үлгерімдерін қатты төмендете қоймады. Ал керісінше, үлгерімі төмен балалар қиындық көріп, одан сайын төмендетіп алуға тәуекелдер болды.

Ал, осы айдың соңына дейін мектептердің даладағы дәретханасы жабылуы тиіс. Министр осыны тапсырды. Себебі, бұған дейін әжетханалар білім ордаларының ішінде болуы керек екені айтылған. Жұмысты қадағалап отыру үшін арнайы портал да құрылған.

24.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика