Балалар үйіндегі жағдай Nur Otan-дықтарды "шошытты"

Аты-жөнінің орнына нөмір, бірнеше күндеп өз құсығына ұйықтап жатқан балалар... Мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорынсыз қалған бүлдіршіндер үйін тексерген комиссия жаға ұстап отыр, деп хабарлады Астана телеарнасы.

Қостанай облысының Рудный қаласындағы мүгедек және жетім балалар үйінде физиологиялық әрі психологиялық ауытқуы бар балалар жағдайы жантүршігерлік. Балалар қараусыз келгені былай тұрсын, оларды атымен де атамаған. Бұл фактілерді Nur Otan партиясы жанындағы республикалық балалар құқығын қорғауды сараптау тобы анықтады.

"А вы гулять выводите?", - деген сұраққа "Нет. Эти дети не гуляют", деп жауап берді мекеме қызметкерлері. Ал "Почему?" деген сауалға бұл мекеменің бір де бір маманы мардымды жауап қайтармады. Қостанай облысы Рудный қаласындағы жетімдер үйіне ескертусіз келген комиссия мүшелері талай заң бұзушылықтарды анықтаған. Ерекше балаларға көрсетіліп жатқан жауыздық жантүршігерлік. Бірнеше күндеп өз нәжісі мен құсығында жатқан бүлдіршіндерді қызметкерлер атымен емес, нөмірмен атап келген. "Ұзақ қозғалыссыз жатып қалған бір мүгедек баланың терісі ойылып қалған. Біздің көзімізше бүлдіршіндерді олар аты-жөнімен емес, нөмірмен атап жүрді. Бұл сұмдықтың барлығы балаларға деген қарым-қатынастың жауыз түрі. Олар өздерін қорғай алмайды, кей баланың психологиялық ауытқуы бар", - деді Nur Otan партиясы жанындағы балалар құқықтарын қорғау кеңесі төрағасының орынбасары Динара Зәкиева.

Елде денсаулығында ақауы бар 4 жасқа дейінгі бөбектердің 1,5 мыңнан астамы жыл сайын жетімдер үйіне жіберіледі. Рудныйдағы мұндай мекемеде мүгедек балаларға арнайы күтім түгелі, оларды оңалтумен айналысатын мамандар жоқ. Мүлде болмаған да. "Мүгедек баланы оңалтуымен айналысатын дәрігер мәселесі шешімін таппай келеді. Арнайы топтарда әртүрлі диагноздармен, жүйке жүйесінің нашарлауымен жатқан балақайлар көп. Оларға арнайы ем-дом керек. Оны жасайтын маман қажет. Балалардың 30%-ына шұғыл түрде әртүрлі деңгейде ем қажет. Мұның барлығын біле тұра мекеменің басшылары еш әрекетсіз отырады", - деп атап өтті Динара Зәкиева.

Nur Otan партиясы жанындағы Балалар құқықтарын қорғау кеңесі былығы ашылған мекемелер жұмысын назарда ұстамақ. Ал Рудныйда азап көріп келген балалар енді Қостанай қаласына ауыстырылатын болды. Ол үшін облыс әкімдігі арнайы ғимарат бөлуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика