Атыраулық оқушылар су айдындарын тазартуға арналған құрылғы ойлап тапты

Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Альтаир Кушалиев, Ахмеди Зейнолла, Санжар Серғали пен 11-сыныпта білім алатын Жанұя Жарас су айдындарына жиналған қоқысты жасанды ауамен жылжытып шығаратын EcoWave құбырын жасап шығарды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

EcoWave - ауаны төменнен жоғарыға шығаратын көп клапаны бар арнайы құбыр.

-Ол қоқыстың су бетіне жайылуына жол бермейді. Қондырғы су астына диагональды түрде орналастырылады. Соның әсерінен ауа көпіршіктерінің тосқауылы қоқыстарды жасанды «қалтаға» қарай жылжытып шығарады,-деді зерттеу тобының көшбасшысы Жанұя Жарас.

Оқушылардың айтуынша, қайталама құбырдан шығарылған ерітіндінің де зияны жоқ, өйткені олар бүгінгі күнге дейін табиғи су қоймаларында қолданылады.

Айта кетейік, негізгі ауа құбырының жанында химиялық заттарды бейтараптандыратын ерітіндіні суға жіберетін кішкентай түтік болады. Ауа көпіршіктері флора мен фаунаға ешқандай зиян келтірмейді, өйткені ол балықтардың қозғалысына кедергі жасамайды, қоқысты 1 миллиметрлік микропластикаға дейін ұстайды, судың оттегімен қанықтырылуына ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT