Атырауда ұстаздарға құрмет көрсетілді

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен ұстаздар күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

"Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық – ізгі қасиет. Ендеше, осынау терең ұғымды қасиетті қызметке еңбегін, саналы ғұмырын арнаған ұстаздар қандай құрметке де лайық»,-деді М.Досмұхамбетов. Іс-шара барысында білім саласында елеулі еңбектері бар бір топ ұстаз марапатталды.

ust-kurm

ustkonts

Бибігүл Тасимова «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Айғаным Өтебай, Аниса Оңғаралиева, Бағила Некесова, Нұргүл Макарова «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгімен, бірқатар педагогтар «Еңбек ардагері», «Атырау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты іс-шарада театрланған көрініс қойылып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетейік, бүгінде облыста 198 мектеп, 331 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. 137 751 оқушы мен 34 046 бүлдіршінге 17 415 педагог білім-тәрбие беруде.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521