Айбынның аяқалысы

Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасының аясында республикалық «Алау ГРУПП» шығармашылық орталығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай дарынды балалар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырған еліміз бойынша қолға алынған өнер байқауы өз мәресіне жетті.

Бірнеше өнер түрінен ұйымдастырылған байқаудың «Эстрадалық вокал» бағамы бойынша М.Әуезов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Айбын Өтемісов бас жүлдеге ие болып өзі оқитын мектебі мен қатар ауданның мерейін өсіріп отыр. Онлайн байқауда ол компазитор Думан Байтілеуовтың «Ақ Жайық ұландары» әнін орындап байқау төрешілерінің жоғары бағасына ие болыпты.

-Жалпы Айбын өнерге оның ішінде вокал жанрын да ән салуға жасынан машық танып келеді. Бастауыш сыныпта оқып жүргенде-ақ ән салуға құштар болатын. Бізде өз тарапымыздан қолымыздан келгенше білгенімізді үйретіп келеміз. Әрі өзі де ізденімпаз, еңбекқор. Осы бағытынан айнымаса талай биік белестерді бағындырарына сенім мол,-дейді саз пәнінің мұғалімі Қайырғали Базаров.

Айта кету керек Айбын осы байқауға дейінде бірнеше өнер мерекелеріне қатынасып, жүлдегер атанып келді. Ал ұстазы Қайырғали Базаровта арнайы дипломмен марапатталып мерейі өсті.

К.СҰҢҚАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521