Бүлінген тағдырлар, тепкінің құрбаны болғандар, шарасыздан бұғып, бара жері басар тауы болмағандар, сеңделгендер, әлімжеттік жасап әйелінің арын, намысын,құқығын аяққа таптағандар, бассыздыққа салынып ұл қызына қол көтергендер. Осылайша қаншама әйел, ұл-қызымыз үреймен қорқыныштың жетегінде өмір сүріп енді бірі құрбаны болып жатыр.
Отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылық туралы Сіз білесізбе? Ол отбасындағы орын алып жатқан зорлық-зомбылықтың кез-келен түрі: Отбасыңыздағы ер адамның әйеліне, қызына, қарындасына, анасына, әпкесіне, балалардың анасына деген зорлық-зомбылығы. Агрессия, ұрып-соғу, қорлау, жыныстық ұатынасқа мәжбүрлеу, қорқыту, бопсалау осының барлығы шыдауға болмайтын Зорлық-зомбылық! Ең бастысы зорлық-зомбылық өмір үшін және денсаулық үшін өте қауіпті.
Жоғарыда айтылған жәйіттар өміріңізде, отбсыңызда немесе туысқандарыңызда орын алып жатса не істеу керек?
-Ұрып соғуды, қорқытуды камераға түсіріңіз. Қорғануға осы жазылымдар көмектеседі.
-Әрбір жағдайда полицияға хабарласыңыз.
-Балалармен бара алатын қауіпсіз орын іздеңіз.
-Туысқандарыңыздан, сенімді адамыңыздан көмек сұраңыз.
-Көршілерге үйде айқай-шу естілген жағдайда полиция шақырту керектігін ескертіп қойыңыз.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-ші бабына 01.07.2023 жылы өзгерістер енгізілді, яғни бұрын жәбірленушілер арыз жазудан бас тартқан болса қазір арыздың негізінсіз, хабарлама арқылы құқықбұзушы 24 сағатқа қамаққа алынады. Одан әрі іс-құжат сотқа жолданып, Сот шешімімен әрі қарай қамаққа алынады. 73б 1б (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынасардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын жеке тұрғын үйде , пәтерде немес өзгеде тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –ескерту жасауға немесе бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғад). 73-2б 1 (Тән ауруын ұшыратқан бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау- он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.)
"Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, полицияның кезекші бөліміне, 102-ге қоңырау шалыңыз. Жарақатыңыз болса бірден жедел жәрдем шақырып немесе ауруханаға барып, алған жарақаттарыңызды тіркетіп, полицияға жүгініңіз.
Құқықбұзушы жауапкершіліксіз қалмасын!
Индер АПБ ЖПҚб-нің
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан
қорғау тобының инспекторы
полиция капитаны А.Измуханова