Жұмыспен қамту - басты мәселе

Президент Жолдауында атап көрсетілген міндеттердің арасында жұмыспен қамту жайы-ауылдағы ең өзекті мәселенің бірі.

Есбол ауылдық округінде 5143 адам тұрса, олардың арасынан жұмыспен қамтылғанын 2785 тұрғын құрайды. Ал халықтың жұмысқа қабілеттілері 2859 адам екен. Олардың арасынан жұмыссыздарын анықтап, көмек қолын созу басты бағыттың біріне айналып отыр. Қазірдің өзінде 379-ы өзін-өзі жұмыспен қамтыған, бірақ әлі де 100 адам жұмыссыздар қатарында болса, олардың арасынан ресми түрде 62 адам аудандық жұмыспен қамту бөліміне тіркеліп үлгерген.

Ауыл әкімдігі осы топтағыларды кезең-кезеңімен ақылы қоғамдық жұмысқа тартып, мүмкіндігінше тұрақты қызметке орналастыруға жұмыстанып келеді. Нәтижесінде 16 жұмыссыз тұрақты еңбекке араласты. Соның ішінде ақылы қоғамдық жұмыспен көбінесе отбасында бірде–бір жұмыс жасайтын адамы жоқтар, ІІІ топ мүгедектері, нысаналы топтар бірінші кезекте еңбекпен қамтылып отыр.

-Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша 8 жалғыз басты қартқа екі әлеуметтік қызметкер, екі мүгедек балаға бір әлеуметтік маман қызмет көрсетеді,- деген округ әкімі Абзал Рамазанов бұл бағытта әлі де көптеген жұмыстардың тұрғанын жасырмайды.

С.ХАЛЫҚОВ

Индер ауданы 

Есбол ауылы

сурет әлеуметтік желіден 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика