Жүргізуші куәлігі жоғалған кезде не істеу керек?

Жүргізуші куәлігі «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ мамандандырылған филиалдары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылы ҚР Ішкі істер министрлігімен беріледі.

Жүргізуші куәлігін рәсімдеуге мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК. Рәсімдеу мерзімі – 90 минут.

Жүргізуші куәлігін жоғалтқан жағдайда сізге келесі құжаттармен Мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет:

  • жеке куәлік;
  • 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
  • мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 1,25 АЕК). Кассаға кезекте тұрмау үшін сіз жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығын онлайн-сервис арқылы төлей аласыз.

 

Гаухар ТАГАБЕРГЕНОВА,

Атырау қаласы бойынша мамандандырылған ХҚКО маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521