"Жомарт жүрек-2021" премиясы

 Индер ауданы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жерінің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген жомарт жүректі азаматтарды насихаттау мақсатында «Жомарт жүрек» сыйлығына құжаттарды қабылдау басталғандығын хабарлаймыз.

Төмендегі номинациялар бойынша ұсынымдар қабылданады:

1) «Жыл тұлғасы»

2) «Жыл меценаты»

3) «Туған өлке»

4) «Жылдың үздік ұйымы»

5) «Жылдың үздік қамқоршысы»

Байқауға қатысушылардың құжаттарын 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін аудандық ішкі саясат бөлімі қабылдайды.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТОПТАМАСЫ

Жеке тұлға үшін:

1) Байқауға қатысуға өтінім;

2) Үміткердің фотосуреті (пішімі: 3х4, JPEG);

3) Өмірбаяны;

4) Жеке куәліктің көшірмесі;

5) Жоба, қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметі туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;

6) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері). Заңды тұлға үшін:

1) Байқауға қатысуға өтінім;

2) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі);

3) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызмет туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;

4) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері). Байланыс телефоны: 2-05-24; Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT