Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы жарияланған сәттен-ақ қызу талқыға түсіп жатыр. Жолдауда қазіргі уақытта өзекті деп саналатын мәселелерді ортаға салған екен. Соның ішінде геологиялық барлау ісі, тау-кен саласын дамыту мәселелері менің көңілімнен шықты.
«Геологиялық барлау ісі айрықша назар аударуды қажет етеді. Еліміздің минералды шикізат базасын толықтыру үшін 2018 жылы тау-кен саласын басқару мәселесіне қатысты жаңа заңдар қабылданды. Бірақ заң талаптары толық орындалмай жатыр. Соның салдарынан табиғи ресурсқа қанша бай болсақ та, көптен бері ауыз толтырып айтатын геологиялық жаңалық ашылған жоқ», - деді халыққа арнаған бүгінгі Жолдауында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.
Президенттің Жолдауда айтылған бұл пікіріне толық қосыламын. Ия жер қойнауы көптен жеткілікті деңгейде зерттелмей жатқанына алаңдаймыз. Ал бұрынғы зерттелген, барланған қорлардың бәрі түгесіле келген.
Алматыдан политехникалық институтты инженер геолог мамандығы бойынша тамамдап, Индер борат кеніші тарағанша мамандығым бойынша еңбек еткен едім. Кейін Сатимолла кен орнында да геология саласында қызметімді жалғастырған едім. Сол кездің өзінде Индерде белгіленген борат кен орындарының өзі жеткілікті игерілген жоқ. Ал бұдан 3 жыл бұрын Отандық «ZIK-production» ЖШС борат кенін қайта өндірмекші болғанда үміттеніп қалып едік. Олар өндірудің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөнінде жергілікті индерліктермен қоғамдық жиын да өткізді. Сонда топ мүшесі геолог М.Қабиева қазіргі белгілі болып отырған бораттың 2 млн тонна қоры болса, егер зерттелсе әлі де мол қоры болуы мүмкіндігін де айтқан болатын.
Егерде елімізде геологиялық барлауды, тау-кен саласын жандандыра түссе, Индер байлығын қайтадан игере түсуге жол ашыларма еді. Өндіріс дамыса, халықтың әл-ауқаты да артар еді.
Құралай ИМАНҒАЛИЕВА, ардагер геолог.
Жолдаудан күтеріміз көп
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 481
