Жолда үзілген үміт

Жалпы соңғы кезде елімізде мотокөліктерді заңсыз айдау салдары улкен проблема туындатып отыр. Өкінішке орай, ауданымызда екі күнде мотокөлікті дұрыс меңгере алмағандықтың салдарынан қос адамның тағдыры үзілді. Айталық, Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, Индер ауданы Бөдене ауылында 2008 жылғы жасөспірім мотокөлік жүргізушісі жол бойында жүріп келе жатқан 2016 жылғы жасөспірімді қағып, тағдырына балта шапса, 19 мамыр күні Индербор кентінде 1987 жылғы жүргізуші есепте жоқ мотокөліктің басқару жүйесін игере алмай кедергіге соқтығысып оқиға орнында қаза болған. "Сақтансаң-сақтармын" дегендей, сақтық ережесін ұмытпаған жөн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521