Жол құрылысынан 151 кемшілік анықталды

Жыл басынан бері «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалы мұнайлы аймақтағы 63 нысанға бақылау жасады, - дейді филиал директоры Бекбол Мұқашов.

Оның айтуынша, жол құрылыс жұмыстарына 417 рет, қысқы маусымдағы жолдардың күтімін қадағалау үшін 18-рет тексеріс ұйымдастырылған. Нәтижесінде 151 кемшілік анықталған, оның 41-і өрескел ақаулық.

Сондай -ақ, мамандар жол құрылысына қажетті материалдардан 405 сынама алып, тексеру үшін филиал зертханасына жеткізген. Зертханалық тексеру барысында 60 сынаманың талапқа сәйкес еместігі анықталған. Ұлттық сапа орталығы тексеріс кезінде анықталған кемшіліктерді жою үшін жол құрылысына тапсырыс берушілер мен мердігер мекемелерге ұсыныс хат жолдады. Орталық мамандары анықталған ақаулардың уақытылы қалыпқа келтірілуін қатаң бақылауда ұстайды.

Еске сала кетейік, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ облыс аумағындағы республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын және әртүрлі сипаттағы жөндеу жұмыстарын, сонымен қатар жол салуға қажетті материалдардың сапасын тексереді.

Байланыс телефоны: +77753715286

«Жол активтері» ұлттық сапа орталығы» РМК

АОФ баспасөз хатшысы Ләззат Еділханқызы.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521