Жол қауіпсіздігі - басты мақсат

Аудандық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің бірлесуімен ауданымыздағы жолаушылар тасымалымен айналысатын және жергілікті дербес бөлімдердің көлік жүргізушілеріне арнайы кездесу өткізілді. Өкінішке орай, шақырту алған бірде-бір таксист төбе көрсетпеді.
 Кездесуге аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ерқанат Темірханов, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Батырбек Қайыржанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Анаргүл Дюсубалиева мен көлік жүргізушілері қатысты. 
Алдымен Батырбек Қайыржанов аудан көлемінде орын алған жол-көлік оқиғаларына тоқталып өтті. Айтуынша, аудан көлемінде ағымдағы жылдың төрт айында 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам жарақат алса, 1 адам қаза тапқан. Бұл - 2022 жылмен салыстырғанда 20 пайызға төмен көрсеткіш.
Оның ішінде, алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде жол-көлік оқиғасын жасағандар бойынша 2 жағдай орын алып,  2 адам дене жарақатын алған.  

– Биылғы жылдың төрт айында  аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция қызметкерлерімен жол қауіпсіздігін қадағалау мақсатында жол ережесі қағидаларын бұзған тұлғаларға қатысты 715 (2022 жылы – 230) құқық бұзушылық анықталды.
Республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар бойында қараусыз жүрген үй жануарларына қатысты «Бақташы-мал иесі-жергілікті атқарушы орган» қағидаты бойынша үш жақты келісімшарт жасақтау үшін халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, - деді ол өз сөзінде.

Жол-көлік оқиғаларына  жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс арттырып, қарсы бағытқа шығу, ара-қашықтықты сақтамау, ұялы телефон қолдану, маневр жасау салдарынан орын алуда.  
Кездесу аясында жол-көлік оқиғасы туралы дайындалған бейнеролик көрсетілді. 
Сонымен қатар, тұрғындарға "Жол ережесі", "Абайлаңыз, балалар!" тақырыбында жадынамалар таратылды.
Айта кетейік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол қауіпсіздігін қадағалау мақсатында Индербор кентінің ішіне бейнекамералар орнатуға ұсыныс хаттар жолданып, қазіргі уақытта 7 бейнекамера іске қосылған болатын.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521