Жол ережесін бұзғандар жауапкершілікке тартылды

 Индер ауданы көлемінде 21-23 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Республика деңгейінде ұйымдастырылған бұл іс-шара көлік оқиғасының алдын алып, соның салдарынан болатын қоғамдағы келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатын қамтамасыз етіп отыр. Шараға барлық бөлім қызметкерлері жұмылдырылып, жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Алайда, кешеден бері өтіп жатқан шара барысында жылдамдықты асырып, тағы да басқа ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес жол қауіпсіздік ережелерін бұзған 40 шақты көлік жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Р.ТЛЕКОВ,

Индер АПБ-і ЖПҚБ-ң ППТ

полиция лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT