Жол ережелерін сақтап жүріңіз!

Индер ауданының тұрғындары мен жүргізушілері назарына!

Индер ауданы полиция бөлімінің Жол және техника инспекциясы тобы сіздерді қыс мезгілінде ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты ауданымыздың автомобиль тас жолдарында және елді-мекен ішіндегі қауіпті бұрылыстарында, жаяу жүргіншілер өткелдерімен көше қиылыстарында, автокөлікті аса сақтықпен мұқият жүргізуді және белгіленген жылдамдық режимін асырмауды сұрайды.

Ауа-райының құбылмалы болуы кезінде тұман, қалың қар, көктайғақ, қыс мезгілінде жол апатының бірден бір факторы болып есептеледі. Сол себепті көлік құралының техникалық жағдайына аса мән беру талап етіледі.

Атап айтқанда дөңгелектердің қысқы мезгілге сай болмауы және протектор үлгісінің стандартқа сәйкес келмеу кезінде, автоколік құралын басқаруға тиым салынатындығын ескертеді. Ауа-райының өзгеруі жөнінде ұялы телефондарыңызға хабарлама түскен кезде немесе басқа бұқаралық ақпарат көздерінен: тұман, қалың қар, көк-тайғақ дегенді естісеңіз, елді-мекеннен тыс автомобиль жолдарына шығуға шектеу қоюларыңызға кеңес береміз және арнайы техникаларыдың жолдарды тазалауға кедергі келтірмеу үшін, көлік құралдарыңызды жол жиегінде тастамауларыңызды сұраймыз!

Әрбір жүргізуші көлік құралын басқару кезінде жол жүру ережесінің талаптарын сақтай отырып, бар жауапкершілігімен қараса жол апатын алдын алып, өзінің де, өзгенің де өмірін сақтап қалады.

А.С.Жұмабай

Индер ауданы полиция бөлімінің

Жол және техника инспекция тобының

аға мемлекеттік автоинспекторы полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521