Жобаның жүлделі орнымен марапатталды

Елбасының мемлекеттік тілді дамытуға негіздеген бағыттарын жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы бірқатар серпінді жобаларды іске асыруда. Соның бірі – дәстүрлі түрде жүзеге асырылып келе жатқан «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы.

Аталған жобаның мақсаты – түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндіктерін көздейді.

Айталық, алты кезеңнен тұратын жобаның «Тіл мектебі» авторлық бағдарламасы кезеңіне қатысып, мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың инновациялық әдістемелік кешендері арқылы этнос өкілдерінің балалары мен жастарына қазақ тілін үйренуіне арналған әдістемелік құрал құрастырған М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Күләш Көккөз II дәрежелі дипломмен және облыстық Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің 30 000 теңгелік сертификатымен марапатталды. Ал өткен жылы аталған байқауға қатысып I дәрежелі дипломды еншілеген болатын.

Отыз бір жылдан бері аталған мектепте оқушыларды білім нәрімен сусындатып келе жатқан ұстаздың жеткен жетістіктеріне тоқталсақ, мәселен, «Жетекші мектеп – білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы даму алаңы» атты Ақтау қаласында өткен ІІІ аймақтық форумына қатысып «Сертификатпен», сондай-ақ Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының мұғалімдерге арналған қазақ тілі пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен, ал шәкірттері Гратий Диана «Еркін Soile» бейнероликтер эстафетасы байқауында ІІІ орын, Александр Румянцев Республикалық Ұлттық Интернет орыс сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен І дәрежелі дипломмен марапатталған еді.

Диас АЙБАР

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика