ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ-ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан Халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялағаны белгілі. Мұндағы мақсат жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы  қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттау болып табылады.

Осыған орай Индер көпбейінді ауылшаруашылығы колледжінде «Жұмысшы мамандығы-жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында арнайы дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына ауданда қызмет ететін түрлі сала өкілдері қатысып өз салалары бойынша  мәлімет берді.

Аталған колледж директоры Гүлфара Әбенованың айтуынша бүгінгі таңда оқу орынында «ауыл шаруашылығын механикаландыру, «Электр жабдықтары», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша 237 студен дәріс алуда. Соңғы жылдары аталған мамандықтарды терең меңгерту мақсатында оқу орынының базасы кезең-кезеңімен жаңартылып келеді.

Студенттер өздері үйреніп жатырған мамандықтары бойынша түсінік беріп қатынасушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» елдің еңбек нарығындасұранысқа ие мамандықтарға техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған. Жастардың кәсіби білім алуына қолдау көрсету, өндірістік салада білікті кадрларды даярлау мақсатында түрлі жобалар мен шараларды жүзеге асыруды көздейді.

С.КӨШЕКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT