Жерлесіміз облыстық байқаудан жүлделі оралды

Таяуда «Табиғатты аяла» тақырыбында өткен облыстық байқау қорытындысымен I орын алған жерлесіміз, Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы, «Алтын белгі» иесіне үміткер Арсен Қайдарбаев республикаға жолдама алып, байқаудан сертификат иеленді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарлы көзқарасты қалыптастыру мақсатындағы республикалық байқаудың «Туған өлке тарихы» номинациясы бойынша барлығы 17 оқушы қатысты. Жас дарын иелерінің білімі таразыға салынған сайыста жерлесіміз «Тарихы бай, қойнауы қазынаға толы - Дендерім» тақырыбын таңдап, онда өлкеміздің көрікті жерлерін, ескерткіштерін, табиғи байлықтарын экскурция арқылы баяндап, жобасын сәтті қорғады.

Осылайша, мазмұны мен мағынасына қарай бағаланған жерлесіміздің туындысының республикаға жетуінің өзі үлкен жұмыс, зор жауапкершілік. Осы орайда бәйгеге баптап қосып жүрген жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Нұрсәуле Қаламқалиеваның еңбегі зор.

Айта кетейік, Арсен осыған дейін де қазақ тарихындағы қазақ қыздарының болмысы, сол кездегі батыр қыздардың ерлігі мен қазіргі қоғамдағы қыздардың үлгісін салыстырған ғылыми жобасыда республикаға жетіпті.

"Жобамды бастағаныма үш жыл болды. Осы үш жыл ішінде көптеген аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Алғаш облыстан бірінші орын алып, республикаға жолдама алып, ол жерде Алғыс хатпен марапатталдым. Ал бүгінгі туған ауылымның тарихы мен киелі нысандарын көрсетуге көп уақытым кеткен жоқ. Ендігі мақсатым ҰБТ-дан жоғары ұпай жинап, алға қойған мақсаттарыма жету", - дейді Арсен Қайдарбаев.

Диас АЙБАР

Өрлік ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521