ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Жеке тұлғалардың банкроттығының тәртібі
(«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»)
Банкроттыққа өтініштер
2023 жылдың наурызында қабылданады
Азаматтардың банкроттық рәсімдері
- Соттан тыс банкроттық (банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы қарыз 5,5 млн. теңгеге (1600 АЕК) дейін
- Сот банкроттығы (қарыздың қалған түрлері бойынша (сомасына қарамастан) 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) астам
- Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру (борышкер мүлкінің құны барлық қарыздардың мөлшерінен аспайды)
- Соттан тыс банкроттық
Мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады
Өтініш EGOV электрондық үкімет порталы арқылы беріледі
Қарыздар:
- Екінші деңгейдегі банктер;
- Микроқаржы ұйымдары;
- Коллекторлық агенттіктер алдындағы бойынша.
Шарттары:
- Қарыз 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді
Ақпарат https://id.mkb.kz сайтында қол жетімді
- Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ
Ақпарат E.gov.kz сайтында қол жетімді
- Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді)
Ерекше шарттары:
- 6 ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін - борышты өтемеу кезеңінің бөлігінде 1-шарт ескерілмейді
- Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе - жоғарыда аталған барлық Шарттар ескерілмейді
Сот банкроттығы
Сотпен қарастырылады
Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі
Шарттары:
Барлық кредиторлар алдындағы қарыздың барлық түрлері бойынша
Нені білу керек:
- Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда - саттықта сатылады
- Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы
- Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді
- Қаржы басқарушысы тағайындалады
- Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ)
Банкроттықты жүргізу мерзімі - 6 айға ұзарту мүмкіндігімен 6 ай
Рәсімді қолдану барысындағы шектеулер:
- Мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру) бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады
- Рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салу
- Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Сотпен қарастырылады
Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі
Шарт:
Қарыздың мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайды
Сауықтыру шаралары:
- Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру
- Жаңасын сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т.б.
Артықшылықтары:
- «Банкрот» мәртебесі берңлмейді
- Теріс салдарсыз (қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ)
- Қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін)
- Шетелге шығуға шектеу жоқ
- Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі
- Қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.
ҚР ҚМ ММК интернет-ресурсы
ҚР ҚМ МКК аккаунттары:
https://www.facebook.com/kgd.gov.kz
Instagram https://www.instagram.com/press_kyzmet_kgd/
https://twitter.com/@KGD_MF_RK
Telegram канал
You Tube kgd.gov.kz
ҚР ҚМ МКК байланыс орталығы
1414 (қосымша нөмір 3)
ЖТБ сұрақтары бойынша
Telegram чат
https://t.me/SalyqBot?start=bfl