Жазылмаған дала заңы

Жақында Атырауға жол түсіп, ел ағылған «Дина» базарында жазылып қойылған мына сөздерге көңіл тоқтатқан едім. Әлбетте, қаржыны жоққа шығындағанша кейде, осындай тегін ақыл-кеңеске де құлақ асқан жөн-ау осы.

Беру керек: Үлкенге-сәлем, Қуантқанға–сүйінші, Қуанышқа-шашу, Соғымнан-сыбаға, Егіннен-кеусен, Малдан-көгендік, Балаға–базарлық, Киімге-байғазы, Сәбиге-көрімдік, Төркіндеген қызға-қалауын, Жаңа көршіге-ерулік, Досқа-естелік, Жетімге-қолқайыр, Мүсәпірге-садақа, Байлықтан-шүлен үлестіру, Тойға–сияпат, Жас үйленгендерді отқа шақыру, Жас босанған анаға-қалжа, Сағынғанға-сәлемдеме.

Сұрау керек: Алладан-денсаулық, Пайғамбардан-шапағат, Қыдырдан-бата, Данадан-өнеге, Батырдан-сауға, Аңшыдан-сыралғы, Сырқат жанның көңілін, Қарттың-хал-жағдайын, Саудың-амандығын, Ағайынның-бүтіндігін, Олжадан-сарқыт, Қонақтан-бұйымтай.

Тілеу керек. Бардан-тәубе, Жоққа-сабыр, Ауруға-төзім, Жақсылыққа-алғыс, Болашаққа–сенім, Жетістікке-шүкір, Өлгенге-салауат, Қалғанға-береке, Басқа-амандық, Денге-саулық.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT