Жазғы демалыс "Жас өркенде" өтеді

Міне кезекті оқу жылы аяқталып, оқушылар жазғы каникулға шықты. Осыған орай аудан әкімі С.Арыстан Елтай ауылындағы «Жас өркен» жазғы  демалыс лагерінің дайындығымен танысты.

Балалар өнер мектебінің директоры, осы лагерьдің құрылтайшысы Е.Сақипов лагердің балаларды қабылдауға толық дайындығын, 6 маусыммен әр кезеңде 168 баладан барлығы 1008 баланы қамтитынын айтып, материалдық жағдайымен таныстырды. Балаларды әр мектеп өзі әкеліп тапсырады. Жалпы мұнда талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, балалардың демалыстарын қызықты өткізулері үшін арнайы жоспары жасақталған.  Алдағы 1 маусымнан бастап қызметкерлер түгел жұмысқа шығып, одан әрі жазғы лагерь өз жұмысын бастайды. Дегенмен лагерьді толық аралап көрген аудан басшысы кейбір жайларға қатысты сын-ескертпелер айтып, жедел қалпына келтіруді және балалардың алаңсыз демалуы үшін барлық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. 

Жалпы Е.Сақиповтың айтуынша, балалардың тамағына 7 млн. көлемінде қаржы бөлінсе, спорт және ойын алаңдарын жасауға 1 млн. 798 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар мұндағы қызметкерлердің барып, келуі және балаларды саяхатқа алып шығу үшін арнайы көлікпен қамтамасыз етілмекші.

 

Ж.ІСІМ.

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика