Жауынның пайдасы мен зардабы

Индерде үш күннен бері жай жауын толастар емес. Естеріңізде болса,1991 жылдың дәл осы мезгілінде жауыннан қой отарымен қырылып, ірі қара із түссіз ығып кеткен. Құдай оның бетін әрмен қылсын.

Қыр жаққа хабарласып көргенімізде, әзірге мал шығыны жоқ. Жағдай қалыпты дегенмен қора суға кетіп, төлге қиын болатыны белгілі. Жақсы жабдық болмаса әрине.

Төрт түлік ыға қоймаған. Алайда ауданның орталығы мен кейбір ауылдарда түннен бері жарық жоқ. Жаңбыр суы көлге айналып, кейбір үйлерге қиындық туғызуда.

Бұл жөнінде аудандық фермерлер одағының төрағасы Мұрат Ільясовпен хабарласқанымызда:

-Мал ығатындай жауын болды. Өйткені жауын жел аралас соқты. Әзірге қырдағылардан хабар ала алмай жатырмыз, - десе,

ал өңірдегі жағдай туралы аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Иманғазиевқа хабарласқанымызда:

—Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Әзірге қыр өңірінде жаманат хабар жоқ. Ал жарықтың сөнуіне аз-маз апатты жағдайлар себеп болып, қазір қалпына келтірілуде, —деді.

Кейбір мәліметтерге қарағанда трансформаторларға, бағанаға су тиіп, содан жарық өшкен. Қайткенде де қыста қыраудан, жаз жаңбырға сілтеп отыру 21 ғасырда жараспайтын нәрсе.

Сондықтан мұның түбегейлі бір шарасын алып, апаттың алдын алуды ойластырған жөн.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521