Жауапсыз аналар тағдыры таразыға салынды

«Нұр Отан» ғимаратының мәжіліс залында аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардық құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтіп, онда бала тәрбиесімен айналыспай, немқұрайлылық танытып жүрген аналардың мәселесі талқыланды.

Осымен екінші мәрте комиссияға түскен Өрлік ауылының тұрғыны Ж.А. есімді азаматшаның мәселесі жөнінде жергілікті полиция бөлімінің инспекторы Р.Қайыржанов баяндама жасады. Азаматша кәмелеттік жасқа толмаған ұлын заңды некедегі жолдасына тастап, күні бүгінге дейін хабарласпай отырған көрінеді. Қазіргі таңда облыстық педагогикалық-медициналық психологиялық кеңестің қорытындысы бойынша арнайы мектеп-интернатында білім алып жатырған ұлы К.Н.-ны 4 ай жазғы демалыс кезінде бірде-бір рет іздеп келмеген анасына емес, тәрбиешілері әкесінің қамқорлығына беруді ұсынды. Бірақ жасөспірімнің әкесі туғаннан ІІ топтағы мүгедек. Ал анасы заңды некедегі жолдасынан ажыраспай, басқа азаматпен бірге тұрып жатыр. Осылай деп дабыл қаққан полиция қызметкерлері азаматшаны аналық міндеттерін орындамағаны және жөсөспірімнің қараусыз қалғаны үшін аналық құқығынан шектеу туралы сөз қозғады.

Ал келесі тұрақты жұмысы, не баспанасы жоқ қолайсыз отбасы ретінде есепке алынған кент тұрғындары А.Б мен Н.А-ның бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтындығы жөнінде мәселе көтерілді.

Д.ҚАБИ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT