Жастарда құлшыныс бар, іркіліс те жоқ емес

Аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында біраз мәселе талқыланып, оны аудан әкімі, кеңес төрағасы С.Арыстан жүргізіп отырды.

Алдымен Индербор кенті бойынша жастар саясатының дамуы туралы Индербор кенті әкімінің міндетін атқарушы А.Аймұратов баяндады. Жалпы жаз айларында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 201 адам кенттегі көгалдандыру жұмыстарына, сонымен қатар қоғамдық шараларға да қатысыпты. Мектеп түлектеріне бағыт-бағдар беру мақсатында жоғары сынып оқушыларымен кездесу сағаттары өткізілсе, «Ардагерлерді қамқорлайық» деген бағытта ардагерлермен кездесу, оларға көмек көрсету шаралары ұйымдастырылған.

Сонымен қатар 2017-2018 жылдардағы жастар кәсіпкерлігін дамыту туралы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Б.Сахипов мәлімдеді. Бөлім басшысының айтуынша, аудан бойынша 2002 кәсіпкер бар. Оның 1743-і белсенді жұмыс атқаруда. Олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 16,38%-ға өскен. Мониторинг жүргізу кезінде жастардың айналысатын кәсіп түрлерінің басым бағыттары: шаштараз, сұлулық салоны, жолаушылар тасымалы, халыққа әртүрлі қызмет көрсету және әртүрлі тауарларды алып сату екені белгілі болған.

Күн тәртібіндегі мәселелерге орай аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов «Көктем» мөлтек ауданындағы шағын футбол алаңының сапасына мән беру қажеттігін көтерсе, осы тұрғыда аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Бисенбаев «Барлаушы» мөлтек ауданындағы шағын футбол алаңының да жарық шамдарын кесіп алып кеткенін, баннерлер мен көшедегі көрнекіліктерді бүлдіріп тастағанын, сондай-ақ жалпы спорт алаңдарын салғаннан кейін оны қабылдап алуға спорт мамандарын қатыстырғаны жөндігін айтты.

Аудан басшысы бұл бұзақыларды тауып, шара қолдану қажеттігін, былтырға қарағанда биыл жастардың кәсіппен шұғылдануы саябырсығаны не себептен екенін көтерді. Бұған жауап ретінде Б.Сахипов жастарда құлшыныс болғанымен бизнес бастау үшін кепіл мүліктері, не болмаса қаражат қорлары болмай қиналатынын, сондай-ақ «Бизнес бастауы» бағдарламасына стипендия алу үшін баратындарға бақылау қажеттігін айтты.

Толығырақ 27 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика