"Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс- шарасы 


Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оқушылар арасында кездесетін келеңсіздіктердің жолын кесу  мақсатында және 2025 жыл «Профилактика жылы» деп жариялануына байланысты 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.  
Іс-шара аясында жасөспірімдердің қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын алып, түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үй-жайдан немесе ойын сауық мекемелерінде жүрген жасөспірімдер қырағы назарға алынып, тиісінше тәртіптік шара қолданылатын болады. 
Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Гаухар Құбашеваның айтуынша, 10-20 сәуір аралығында барлығы 48 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. 
– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127 бабы, яғни ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша бойынша 1, 200 бабы яғни Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу бойынша 1 құқық бұзушылық анықталды. 
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 423-2 бабымен яғни 21 жасқа толмаған адамдарға темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні,  қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату бойынша 1 хаттама, 434-2 бабымен қоғамдық орынды ластау бойынша 1 хаттама, 435 бабы яғни кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық бойынша 1 хаттама толтырылды. 
Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437 бабы яғни жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін тыныштықты бұзу бойынша 4 құқық бұзушылық  анықталып, әкімшілік хаттама жасақталды.
Ал, 442 баптың 2 және 3 бөлігі яғни  кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы және кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы бойынша  барлығы 38  хаттама, 449 бабымен қоғамдық орындарда тиісу бойынша 1  хаттама толтырылды, - дейді.
Бір айды қамтитын іс-шара аясында кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған бопсалау фактілері және кәмелетке толмағандар арасында есірткіні тұтыну/тарату фактілерін анықтау мақсатында білім беру ұйымдарында анонимді сауалнамалар жүргізіліп, білім беру мекемелерінде құқықтық тақырыпта қоғамдық іс-шаралар, оның ішінде мектептерде «Заң және тәртіп» атты құқықтық апталығы өткізіліп,  дәрістер мен әңгімелесулер, сондай-ақ киберқауіпсіздік бойынша дәріс өткізілуде. 

Ж.НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT