Жас тәртіп сақшыларының ата-аналарына алғыс білдірді

Индер ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Б.Джанзаков бөлімнің жас қызметкерлерінің ата-аналарын алғыс хаттармен мараппаттады.

Солардың бірі учаскелік полиция инспекторлар тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты А.Курмашеваның Ақтөбе облысында тұратын ата-анасын отбасылық мерекеге орай онлайн режимде құттықтаса, бөлімнің уақытша ұстау изоляторының айдауыл полицейі полиция сержанты Н.Абайұлы, учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты И.Орын және ЮПТ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Р.Ибраемовтың ата-аналарына алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.

Ата-аналар полиция қызметкерлерінің жұмыстарына жеміс, сәттілік тілеп өз алғыстарын білдірді.

"Дендер-Ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521