Бүгін алты ауысым бойы аудандық мектеп оқушыларына қызықты да шуақты күндер сыйлаған «Жас өркен» балалар жазғы демалыс лагерінің VI маусымының жабылу салтанаты өтті.
Жалпы балалар жазғы лагері – балалардың шығармашылық белсенділігін арттыруға, олардың өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, спорт, саяхат, өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында үш ай бойы қызмет көрсетті.
Іс-шараға қатысқан аудандық өнер мектебінің директоры Ералы Сахипов сөз сөйлеп, әрбір демалушыларға оқуда озат болып, лагерьдің қызықты күндерінде келер жылы да күтетіндігін ерекше айтып, лагерьде өткен мәдени, спорттық шаралардың жеңімпаздарын марапаттады. Осы мезетте лагерь демалушылары Бекасыл Амангелді алтыншы ауысым қимастық өтіп, жаныма жақсын достар тапқанын айтса, Сарбиназ Өмірзақова жазғы демалысымды «Жас өркен» лагерінде өткізгенін еш өкінбейтінін, әрбір тәрбиешілерге ерекше алғысын арнады.
Мерекелік кеш лагерь демалушылардың әсем әндерімен, мың бұрала билерімен жалғасты.
Д.Айбар
Елтай ауылы