Биылғы жылы Атырау жоғары медициналық колледжін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бітіріп, аудандық орталықтандырылған ауруханаға оториноларинголог мейіргері болып жұмысқа орналасқан Бағытжан Малика Бауыржанқызының еңбек жолы сәтті басталды.
Өйткені ол мемлекеттік «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында орталықтан екі бөлмелі пәтерге қол жеткізіп, қуанышқа кенеліп отыр.
-Мен өткен жазда колледжді ойдағыдай аяқтап, туған жеріме келген болатынмын. Үйім Елтай ауылында болғандықтан, Индербор кентіндегі жұмысқа қатынап жасау қиындық туғызып жүрген болатын. Содан тиісті құжаттарымды жинақтап, салалық бөлімге жолдаған болатынмын. Аз уақыт ішінде мәселе дереу шешіліп, мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтерлі болып отырмын. Осындай мүмкіндік жасаған әріптестеріме, аудан басшылығына үлкен ризашылығымды білдіремін, - дейді жас маман.
К.СҰҢҚАР