Индер ауданындағы М. Әуезов атындағы орта мектептің 15- 16 жас аралығындағы оқушылары облыстық "Жас ұлан" әскери-патриоттық слетқа қатысты. Нәтижесінде, оқушыларымыздың командасы әр номинация бойынша жоғары жетістіктерге ие болды.
Атап айтсақ, "Белтемірден тартылу" номинациясы - 1, Презентация" қорғауда - 1, "Тарихи іздену" жобасы 1, "Әскери парақша" -1, "Әскери патриоттық" әндер байқауларынан командалық есепте 1 орынды қанжығалады. Сондай-ақ команда мүшесі Қстауов Темірлан үздік танылды.
Ал жекелей сыннан "Соғыс жылдарындағы әндер", "Шалқадан жатып денені көтеру" Блялова Ясмин - 1, "Кіртастарын көтеру", " Әскери техника өз қолымен" Қуанғалиев Нұрхан - 1, "Алғашқы медициналық көмек көрсету" номинациялары бойынша Бекболатов Мирас 1-орынмен марапатталды.
Оқушыларымыздың жетістігі ұстаздың ерен еңбегінің нәтижесі. Оларды шәкірттері бірнеше мәрте облыс, республика көлеміндегі биік белестерді бағындырып жүрген тәжірибелі ұстаз, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Саламат Қасқырбайұлы дайындаған болатын.
Енді шәкірттеріміз қыркүйек айында қашықтан өтетін республикалық жарыста бақ сынамақ, олар тағы да жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімдіміз.
Көккөз Күләш Мақсотқызы,
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары