Жарсуаттағы жанталас

 

Кенді өңір Индер ауданында су тасқынының кесірі тиюі мүмкін деп болжанып отырған ауылдың бірі – Жарсат ауылдық округі. Осыған орай біз округ әкімі ербол Бөкеевті сөзге тартқан едік.
-Жарсуат ауылдық округі бойынша екі жерде салынған бөгет бар. Жарсуат ауылында 7 километр 600 сантиметр, Құрылыс ауылында 5 километр 600 метр. Екі бөгет бұрыннан салынған. Әрине қазіргі ахуалға байланысты бөгет жұмыстары басталды. Апат айтып келмейді. Қазіргі ахуал өте күрделі. Қазіргі таңда Жарсуат ауылында 3 погрузщик, 1 эксковатор техникасы, 5 КаМаз автокөлігі бөгетті көтеру жұмыстарын жүргізіп жатыр,-деді ол.
Айта кетейік, қазіргі таңда аталған ауылда 2861 адам мекен етсе, 485 үй түтін түтеп отыр. Жергілікті тұрғындардың бастамасымен 2 мыңға жуық топырақ қапталып, қауіпті жерлерге төселуде.  


СҰҢҚАР КӨШЕКОВ, 
ИНДЕР АУДАНЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521