Жандықтың жайы жанға батты

Қалай еткенде де қарекет еткен жұрт қамдану үстінде.

Бірі қолы жеткен жерге барып, пішен дайындаса, қыстан қауіптенгендердің кейбірі малын сатып жатқанын жарнамадан да көріп отырмыз. Әйтеуір ауылдың әңгімесі қорадағы азын-шоғын жандығының қамы болып тұр.

-Қазір ауылда мал ұстау қиындап барады. Өзімнің бағып отырған қорадағы 10 қозы мен 3 бұзауға сонау Батыс Қазақстан облысынан бағасы 8000 теңге тұратын бума шөп алуға тұра келеді. Енді оның біреуін алмайсың, кемінде 5-6-уын бірден аласың. Ал енді бағасын есептей беріңіз. Ол да өлшеп-өлшеп бергенде 1 айға әзер деп жеткіземіз. Оның шөппен қоса жемі, суы тағы бар. Қазір 15 келілік бір қап кебек жемнің өзін 800 теңгеге аласың. Ал оны алмайын десең, мал байғұс өзінің күйін жойып ала ма деп алаңдайсың. Жазда уақ жандықты кейде қырға, одан қалды кезек қосып бағуың да біраз қаражат. Мысалы, 20 күн сайын қой кезекте бағушыға 5000-6000 теңге бересің. Енді қысқа 35-40 бума шөп пен 2-3 тоннадай жем аламыз. Себебі, мал қорада тұрады. Бара-бара мал ұстау да қалатын секілді,-дейді бөденелік Д.Маратов.

 

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521