Жалқаулық жарға жығады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз мұқтаждық пен масылдықтың ара жігін ажырата білуіміз керек. Тек Үкімет тарапынан бөлінетін жәрдемақыға қарап өмір сүруге болмайтынын әр азамат түсінгені жөн» деген болатын.

Расында да еңбек етем деушілерге елімізде сан алуан мүмкіндік бар. Иә, Тәуелсіздік алғаннан бастап ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды дамып келеді. Шағын және орта кәсіптік субъектілер саны артып, көпқабатты үйлер, ойын алаңдары салынып, инфрақұрылым нығайды. Халқымыз «Бейнеттің түбі – зейнет» деп бекер айтпаған.

Қазіргі таңда ауылдағы жастарға, еңбек етуге талпынған жанға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да жүзеге асуда. Соның бірі «Дипломмен – ауылға» жобасы. Бұл жоба Қазақстанда 10 жылдам астам уақыттан бері жүзеге асырылып келеді. Соның арқасында өз саласына аса қажетті мамандар мен өз мамандығының майталмандарына көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несиеге үй беріп, ауылда тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп келеді.

Ауылға келген жас маман үшін, соның ішінде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет пен спорт, мал дәрігері мамандықтарының иелері үшін үлкен қолдау боларлық болашағы зор бағдарламаға айналды. Өткен 2021 жылы бағдарлама аясында 25 маман көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несиеге ие болды. Биыл да бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осының барлығын жастар пайдалану керек. Майқы би «Анадан – асыл туады, жалқаудан – масыл туады» деген екен.

Демек, жалқаулық жол бермей, анадан асыл туған асылдың тұяғы, алтынның сынығы бола алғанымыз керек. Ендеше, ешкімге масыл болмай, «Мені Үкімет асырауы керек», «Олар беруге міндетті» деген қате түсініктен арылып, еңбек етіп, жемісін көруге ұмтылу қажет дегім келеді.

Айгүл ҮМІТҚАЛИЕВА,

аудандық экономика және

қаржы бөлімі басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT