Жайықтың қуанышы көпке созылмады

 Жайық өзенінің 147 шақырымы Индер ауданына қарайды.

Атырау облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекиясы бөлімінің бас маманы Азамат Әбіғалиевтың айтуынша, ауданда 21 су тоғаны бар болатын. Алдыңғы жылдары судың келу деңгейінің артуы салдарынан осы тоғандарға су жіберіліп, бекіре тұқымдас балқытардың уылдырық шашуына жол ашылатын. Биылғы жылы су деңгейінің көлемі небәрі 2 метр 78 сантиметрге ғана көтерілген. Тоғандарға су құйылуы үшін судың келу деңгейі 3 метрден асып жығылуы қажет. Сайып келгенде судың сарқылуы да балық қорын көбейтуге де тұсау салады.

Жылдың басында судың келу деңгейі жоғарлайды деп алақайлағанымызбен белгісіз себептерге байланысты ол қуаныш көпке созылмады.

С.КӨШЕКОВ

Индер ауданы

Сурет art.kz сайтынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521