Қолдан жасалған қайықтар тәркіленді

Өкінішке орай соңғы жылдары бағалы бекіре тұқымдас балықтар көзден бұл-бұлұшса, қарапайым көксеркеде көрінбей кеткелі қашан.

Басқа қарабалықтарда азайып бара жатқаны қынжылтады. Дегенмен инспектор Жасен Жолдасқалиевтің айтуынша, екі жылдан бері сазан балығы Жайықта кездеспесе, биыл ол өзенге шығыпты. Жайықта бұрын кездеспеген селедка түрі кездесе бастаған көрінеді. Өткен жартыжылдықтың қорытындысымен 94 иесіз құрма судан шығарылып, 8 дана қолдан жасалған қайық тәркіленіпті.

-Мұндай ау құралдары арнайы рейд кезінде сүзіп алынып, тиісті құжаты жасалып, жойылады. Ау сынды рұқсат етілмеген балық аулау құралдарын саудаға шығарғандарға да жауапкершілік көзделген. Былтыр мұндай деректер ауданда кездессе, биыл тыныш, - деді инспекция басшысы.

Сонымен қатар Жайықтан каналға су айдаушыларды, басқа да өзеннен тікелей су алушылар инспекцияның бақылауына алынып, жоспарлы тексерістер жүргізіліп отырады екен. Бүгінде инспекцияда басшымен қатар 4 инспектор және кеме жүргізушісі, механигі, жүргізуші сынды техникалық мамандармен қосқанда барлығы 15 адам еңбек етеді.

 

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521